Елімізде 447 мың жұмыссыз бар

631

Елімізде 447 мың жұмыссыз бар

Бүгін мәжілістегі үкімет сағатында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және іскерлік белсенділікті жақсарту жөніндегі шаралар" тақырыбында баяндама жасады, деп хабарлайды baq.kz.

"Жалпы алғанда, елде 8,9 млн экономикалық белсенді халық бар. Оның ішінде 6,3 млн адам жалдамалы жұмысшы, 2,1 млн өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және 447 мың адам жұмыссыз. Ел халқының жалпы санының 3 миллионнан астамы шағын және орта бизнес секторында жұмыспен қамтылған. Өткен жылдың қорытындысына жүгінсек, 1,1 млн жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектісі бар. Олар 9 айда 11,2 трлн теңгенің өнімін шығарды", – дейді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың үшінші бөлімі шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады.

"Экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 24,9%. Мемлекет басшысы осы көрсеткішті 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Әлемдік статистикаға сүйенсек, әлем халқының 12%-ында ғана бизнеспен айналысу дағдысы бар. Қарапайым есепте көрсетіп отырғандай, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың үшінші бөлімі қазірдің өзінде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау формалды түрде кәсіпорын санының өсуі есебінен емес, жұмыс істеп тұрған бизнес, шығаратын өнімнің, көрсететін қызметтің сапасын арттыру арқылы орындау қажет", – дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу