Елімізде 45 бала аналарымен бірге түрмеде отыр

325

Баласымен бірге қамауда отыруға рұқсат етілген жалғыз түрме Алматы облысында орналасқан. 

Елімізде 45 бала аналарымен бірге түрмеде отыр Фото: Тимур Батыршин

Әйелдер колонияларында барлығы 2000-нан астам сотталушы жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің редакцияның ресми сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасының аумағында 78 пенитенциарлық мекеме орналасқан. Оның ішінде 6 мекеме әйелдердің жазасын өтеуге арналған, олардың бірі қауіпсіздігі жоғары, қалғандары – орташа қауіпсіз мекеме. Алматы облысының аумағында сотталғандарға балаларымен бірге тұруға рұқсат етілген мекеме орналасқан. Бүгінде аналары бар 45 бала бар. Қазіргі таңда әйелдер колонияларында барлығы 2000-нан астам сотталушы жазасын өтейді", - делінген ҚАЖ жауабында.

Комитеттің хабарлауынша, әйелдердің жазасын өтеу мекемелерінде сотталғандарды жұмысқа орналастыратын өнеркәсіптік аймақтар жұмыс істейді.

"Бұл – тігін цехтары, нан-тоқаш өнімдерін, сабын және халық тұтынатын тауарлар шығаратын цехтар.   Әр мекемеде сотталғандармен психолог жұмыс істейді, ол тұтқындармен жеке және топтық терапия жүргізеді", - деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу