Елімізде 45 кәсіпорынның 1,3 мыңнан астам жұмыскері жалақыларын ала алмай жүр

129

Еңбек инспекцисы жұмысшылардың құқығын қорғады.

Елімізде 45 кәсіпорынның 1,3 мыңнан астам жұмыскері жалақыларын ала алмай жүр Фото: canva.com

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 45 кәсіпорны 1,3 мыңнан астам жұмыскерге 395,9 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен бірге, түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 1,6 фактісі анықталды.

"Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 832 ұйғарым берілді және 98,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 1,1 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 241,8 млн теңге төленді", – деп жазды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 сәуірдегі деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 332 тексеру жүргізді, оның барысында 1 616 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 1 332; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 272; халықты жұмыспен қамту бойынша – 12.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 10 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу