Елімізде 452,6 мың адам жұмыссыз

409

Ұлттық статистика бюросы еңбек нарығындағы жағдайға талдау жүргізді. 

Елімізде 452,6 мың адам жұмыссыз Фото: freepik.com

Биылғы ІІ тоқсандағы деректер бойынша Қазақстанда 9 115,1 мың адам экономиканың түрлі саласында жұмыспен қамтылған, деп жазады inbusiness.kz.

Олардың ішінде жалдамалы қызметкерлер 6 945,8 мың адам болса, 2 169,3 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

“Өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту 144 мың адамға, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер есебінен 104,1 мың адамға, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар есебінен 39,9 мың адамға өсті. Жұмысшылардың ең көп үлесі сауда (16,6%), білім беру (12,9%), өнеркәсіп (12,3%) және ауыл шаруашылығы (12,2%) салаларында байқалды”, - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Жұмыссыздық деңгейі 4,7% болды. Қазақстанда 452,6 мың адам жұмыссыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу