Елімізде 46 градусқа дейін ыстық болады

784

"Қазгидромет" РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.   

Елімізде 46 градусқа дейін ыстық болады

Атап айтқанда, 4 шілдеде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде құрғақ найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

4 шілдеде күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде 41 градус өте қатты ыстық сақталады. Өте жоғары өрт қаупі болады.

4-6 шілдеде күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-45 градус өте қатты ыстық сақталады. Өте жоғары өрт қаупі болады.

5-6 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Өте жоғары өрт каупі сақталады. 5-7 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде 46 градус өте қатты ыстық күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі болады.

4-8 шілдеде күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде 43 градус өте қатты ыстық күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4-5 шілдеде күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

4-8 шілдеде күндіз Алматы облысының кей жерлерінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.

4-5 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында 39 градусқа дейінгі қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде күндіз Павлодар облысында 35-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

4 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, күтіледі. Күндіз кей жерлерде 37 градусқа дейін өте қатты ыстық болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. Жекелеген аумақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градусқа дейін қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 шілдеде күндіз Маңғыстау облысында 40-41 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу