Отырыста кеңсе жұмысы қорытындыланып, 2026 жылға арналған қызмет жоспары талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кеңсе жүргізген талдау нәтижелері бойынша жекешелендіруге жататын 473 субъектінің тізбесі қалыптастырылып, Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілді.
Сонымен қатар цифрлық платформа – кеңсенің ресми сайты іске қосылды. Онда мемлекеттік меншік объектілерінің ашық тізбесі жарияланған. Бұл платформа арқылы бизнес субъектілері өздерін қызықтырған активтерге өтінім беріп, жекешелендіру процесін "мемлекеттен бизнеске" емес, керісінше бизнес бастамасы арқылы бастап, жеделдете алады.
2026 жылы Ұлттық жекешелендіру кеңсесі экономика салаларындағы мемлекеттің қатысуы мен рөлін талдайды.
Атап айтқанда, IT, ӘКК, геология, мұнайсервис, құрылыс салалары қаралады.
Агенттік мәліметтері бойынша, Атырау мен Павлодардағы зауыттарды сату мерзімі 2028 жылға белгіленген. Мұнай өңдеу тәжірибесі бар стратегиялық инвесторға компаниялардың 100% немесе бақылаушы үлесін сату туралы, не жекешелендіру/аралас меншік нысанына көшу қарастырылады.
Сондай-ақ мемлекет қатысу үлесі 50%-дан төмен кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу жоспарланған. Барлығы 250-ден астам кәсіпорынның қызметі зерделенеді.
"Алдағы 2 жылда Ұлттық жекешелендіру Кеңсесінің жұмысында мемлекеттік органдармен бірлесіп жол карталарын әзірлеуге баса мән беріледі. Жол карталары әлеуметтік және стратегиялық объектілерді жекешелендірудің барлық аспектілерін қамтитын болады", – делінген ресми Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі таратқан хабарламада.