Елімізде 473 пана іздеуші мен 259 босқын бар

343

Босқындарға медициналық және әлеуметтік көмекке қолжетімділік беру бойынша ұсыныстар әзірленді. 

Елімізде 473 пана іздеуші мен 259 босқын бар Фото: freepik

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Спикердің мәліметінше, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, елде 473 пана іздеуші мен 259 босқын тұрады.

"Ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында Еңбек министрлігі мен БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Босқындар мәртебесі туралы конвенцияның нормаларымен ұлттық заңнама нормаларын имплементациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Босқындарға медициналық және әлеуметтік көмекке қолжетімділік беру бойынша ұсыныстар әзірленді. Пана іздеп жүрген адамдардың жаппай келуі жағдайында уақытша қоныстану пункттерін және оларды қабылдау тәртібін айқындау жөніндегі тиісті ережелер бекітілді", – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қазір мигранттарды тіркеудің бірыңғай жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатта "Migration.enbek.kz" порталы құрылады.

"Бұл болу мақсатына қарамастан, Қазақстанға келетін шетелдік азаматтардың бірыңғай есебін, сондай-ақ, көші-қон ағындарының мониторингі мен бақылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. "Бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін мигранттардың қозғалысын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру көзделеді. Бұл мигранттарды цифрлық сәйкестендіруге, қажет болған жағдайда сапардың мақсаттарына қарамастан физикалық орналасқан жері мен қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді", – деп толықтырды Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу