Елімізде 5,5 мың қазақстандық шетелдік көліктерін заңдастырды

440

Қазақстанда өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік көлікті заңдастыру жалғасып жатыр. 

 Елімізде 5,5 мың қазақстандық шетелдік көліктерін заңдастырды Фото: Halyq Uni

Бүгінде 28 мың азаматтың автокөліктерін заңдастыру туралы өтініші мақұлданды. 5,5 мың көлік иесі тиісті құжаттар мен нөмірлік белгілерді алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство өкілінің сөзінше, ХҚКО мен электронды үкімет порталынан басқа, Halyk Homebank қосымшасында да көлікті заңдастыру үшін өтінім беруге болады.

"Порталда "мемлекеттік қызметтер" бөлімінде "шетелдік көлікті заңдастыру" тармағын таңдап, көліктің алдыңғы иесі туралы барлық деректерді және автокөлік деректерін толтыру қажет. Өтінімге қол қойылғаннан кейін алдын ала тексеру үшін ІІМ-ге жіберіледі. Оның нәтижесі өтініш берушіге push-хабарлама түрінде келеді. Оң нәтиже болған жағдайда клиентте VIN-кодты салыстыру үшін "арнайы ХҚКО-да кезекті брондау" батырмасы пайда болады. Осылайша арнайы ХҚКО-ға барудың күні мен уақытын таңдауға болады", - деді ол.

Ақпаратқа сәйкес, нөмірлік агрегаттарды салыстыру рәсімінен сәтті өткеннен кейін көлік иесі 200 000 теңге мөлшерінде бастапқы алымды, мемлекеттік баждарды және қажет болған жағдайда кедендік баждарды төлейді.

"Тіркеу бекітілгеннен кейін автомобиль иесіне отандық техпаспорт пен жария етілген көлікке мемлекеттік нөмір берілетін болады", - деп атап өтті Шұғыла Тұрлыбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу