Елімізде 5 көліктің үшеуінің қолданыста болғанына 10 жылдан асқан

669

Жамбыл облысында ескірген көліктердің үлесі – 82,4%.

Елімізде 5 көліктің үшеуінің қолданыста болғанына 10 жылдан асқан

Елімізде 5 көліктің үшеуінің қолданыста болғанына 10 жылдан асқан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтар-сәуірде елімізде 288,1 мың жеңіл көлік тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32,4%-ға артық. 

Көліктің басым бөлігінің қолданыста болғанына 10 жылдан асқан: 177,6 мың көлік, бір жылдағы өсім — 43,6%. 44,9 мың көліктің қолданыста болғанына 3 жыл. 3 жастан 7 жасқа дейінгі және 7 жастан 10 жасқа дейінгі автомобильдер үлесі: 29,1 мың және 36,5 мың. 

2021 жылғы қаңтар-сәуірде 10 жылдан көп қолданылған 61,6% көлік тіркелген.

Ескірген жеңіл көліктердің басым бөлігі Жамбыл облысында: 82,4%. Кейін тізімде Алматы (79,4%) және Қызылорда (71,7%) облыстары тұр. Ал Атырау облысында 10 жылдан асқан көліктердің үлесіне биыл қаңтар-сәуірде тіркелген жеңіл автомобильдердің үштен бірі тиесілі. 

"Ескі" көліктердің үлесі жаңадан тіркелген автомобильдердің жартысынан 2 өңірде аспаған: Нұр-Сұлтанда (40,9%) және Батыс Қазақстан облысында (48,1%).
2021 жылғы сәуірдің соңында Қазақстанда барлығы 3,83 млн жеңіл көлік болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6%-ға аз. Оның ішінде 2,46 млн жеңіл көлік немесе 64,2% көлік 10 жылдан аса уақыт бұрын шығарылған.

2021 жылғы наурызда сұйытылған газ бағасын уақытша реттеу алынып тасталды. 1 наурызда Энергетика министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің "Автогаз құю станцияларында көлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы" бірлескен бұйрығының мерзімі аяқталғанын мәлімдеді. Бұл көлігі газ және аралас отынмен жүргізушілер үшін үшін жағымсыз жаңалық болып саналады

2021 жылғы сәуірдің соңында Қазақстанда газбен 3,9 мың жеңіл автомобиль (+1,8%) және аралас отынмен жүретін 294,5 мың (+1,7%) автомобиль тіркелген.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу