Елімізде 5 миллионнан аса адам толық вакцина алды

938

518 науқастың жағдайы өте ауыр.

Елімізде 5 миллионнан аса адам толық вакцина алды

Қазақстанда 5 млн 13 мың 64 адам коронавирусқа қарсы екпені толық алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 тамызда COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 млн 369 мың 263 адам, екінші компонентін 5 млн 13 мың 64 адам салдырған.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 6 314 дерегі тіркелді. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 743 220 жетті. 

5 мың 97 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы елімізде 615 816 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

23 тамыздағы мәлімет бойынша 124 871 адам коронавирустан емделіп жатыр. 

"Олардың ішінде 30 197 пациент стационарда, 94 674 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 944 адамның жағдайы ауыр, 518 пациенттің жағдайы өте ауыр, 312 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 137 адам қайтыс болды.

2021 жылғы  23 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл аймақта": Түркістан облысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу