Наурызбай ауданының прокуратурасы еліміз бойынша 400-ден астам таксопаркті анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Онда 4 237 шетелдік жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз қызметін заңсыз жүзеге асырған.
Еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында заң шығарушы көші-қон заңнамасын бұзған жұмыс беруші мен шетелдіктердің жауаптылығын көздеген.
Қазіргі уақытта Көші-қон қызметі комитеті прокуратураның қадағалау актісін қарауда, онда елде заңсыз қызметті жүзеге асырған таксопарктерге де, шетелдіктерге де қатысты тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қойылған.
– Бүгінгі күні еліміз бойынша ӘҚБтК-нің 517-бабымен 346 шетелдік-таксист (Алматы – 136) және ӘҚБтК-нің 519-бабымен 148 адам (Алматы - 29) шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін (таксопарктер) әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 112 қабылдау-тарату орнына (Алматы – 81) қамалды, республикадан 156 шетелдік шығарылды (Алматы – 79), – деп жазды Алматы қаласының прокуратурасынан.