Елімізде 5 мыңнан астам науқас донорлық ағзаға мұқтаж

367

Күту тізімінде тұрғандардың қатарында екі жүзге жуық бала бар.  

Елімізде 5 мыңнан астам науқас донорлық ағзаға мұқтаж Фото: Клиника Радуга

Қазақстанда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан 5 мыңнан астам пациент донорлық ағзаны күту парағында тұр. Олардың арасында 200-ге жуық бала бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандардың айтуынша, донорлық ағзаны алу мүмкіндігі медициналық көрсеткіштерге ғана емес, қоғамның қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа деген көзқарасы мен дайындығына да тікелей байланысты.

Осыған байланысты дәрігерлер халық арасында ағза донорлығы туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын атап өтуде.

Неліктен күту парағы өсіп келеді, адам диализде қанша жыл өмір сүре алады және трансплантаттауды күту мүмкіндігіне не әсер етеді - дейді А. Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы, ҚР ДСМ бас трансплантологы Болатбек Баймаханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу