Елімізде 5 мыңнан астам шетелдік басшылық қызметте

744

Сырттан келген мамандардың басым бөлігі құрылыс саласында еңбек етуде. 

Елімізде 5 мыңнан астам шетелдік басшылық қызметте

2020 жылғы 1 ақпанындағы мәлімет бойынша еліміздің аумағында 19 137 шетел азаматы еңбек етуде, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Олардың ішінде бірінші санат бойынша, яғни, басшылық қызметтегі азаматтар мен олардың орынбасарлары – 753 адам. Бұл жалпы сырттан келген мамандардың 4%-ы. Ал екінші санат бойынша, яғни бөлім басшылары – 4 364 адам. Бұл жалпы көрсеткіштің 23%-ы. Бұдан бөлек елімізде өзге елден келген 9 613 маман еңбек етуде. Сонымен қатар 1 749 білікті жұмысшылар, 926 адам маусымдық жұмыстарға келген. Сондай-ақ, корпоративтік маман алмасу шеңберінде 1 732 адам тартылған. 

Шетелдіктердің басым бөлігі, яғни, 8 582 адам құрылыс саласында еңбек етуде. Ал тау-кен өнеркәсібінде 2 228 адам, өңдеу өнеркәсібінде – 1 586 адам,  кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 1 397 шетелдік жұмыс істейді.

Еңбек мигранттарының 5 266-сы Қытайдан, 1 935-і Түркиядан, 1 896-сы Үндістаннан, 1 434-і Ұлыбританиядан, 965-і Өзбекстанннан келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу