Елімізде 5 өңір "қызыл" аймақта

992

Эпидахуал нашарлаған қалалар тізіміне Алматы ілікті.

Елімізде 5 өңір "қызыл" аймақта

2021 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Деректерге сүйенсек Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары коронавирус бойынша "қызыл" аймақта. 

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары орналасқан.

"Жасыл" аймақта: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары енді.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1730 жаңа жағдайы тіркелді, бір күн бұрын 1445 жағдай болған.  Ең үлкен өсім елордада байқалады - өткен тәулікте 628 жағдай болған. Пандемия басталғалы бері елімізде COVID-19-дың 416 мың 442 жағдайы расталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу