Елімізде 50-ден астам онлайн казиноның есепшоты бұғатталды

293

Бас прокуратурада заңсыз ойын қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомоствоаралық мәжіліс өтті.  

Елімізде 50-ден астам онлайн казиноның есепшоты бұғатталды Фото: russianireland.com

Жиынға Ұлттық банк, Туризм және спорт министрлігі мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жиында интернетте кеңінен таралған заңсыз құмар ойындардан туындап отырған өзекті қауіптер талқыланды. Сондай-ақ, қаржылық ағындарды бақылау және заңсыз ойын қызметіне тосқауыл қою жолдары қарастырылды. Қатысушылар бірлесіп, қадағалауды күшейту және алдын алу шараларын жетілдіру бойынша тиімді тәсілдер әзірледі.

Биыл елімізде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері 22,2%-ға (45-тен 32-ге дейін) төмендеген. Онлайн-казиноларға ақша аудару үшін пайдаланылған 50-ден астам банк шоты анықталып, бұғатталған. Тыйым салынған интернет-ресурстарға қол жеткізуді шектеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Мәжіліс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға цифрлық бақылау, қаржылық мониторинг пен тосқауыл қою бағытында қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

Бас прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандардың дүние-мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу