Елімізде 514 мың теңге зейнетақы алатындар бар

978

Қазақстандықтар зейнетақы қорына 10,6 трлн теңге аударған.

Елімізде 514 мың теңге зейнетақы алатындар бар Фото: Алау

Қараша айының басындағы деректерге сенсек, 10,6 миллион қазақстандықтың атында жеке зейнетақы қоры бар. Олар жыл басынан бері 799,9 млрд теңге аударған. Аталмыш шоттарда 10,6 трлн теңге жатыр. Оның 10,3 трлн теңгесі міндетті зейнетақы жарналары болса, 238 млрд теңгесі міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы ретінде аударылған. Өз еркімен аударылған жарна көлемі –1,9 млрд теңге.

"Жыл басынан бері зейнетақы қорынан 170,3 млрд теңге төленді. Оның ішінде зейнет жасына толуға байланысты 55,0 млрд теңге, І және ІІ топта мерзімсіз мүгедектігі бар жандарға 1,5 млрд теңге, Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты 39,6 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 22,9 млрд теңге, жерлеуге байланысты 2,6 млрд теңге, басқа тұлғаларға 0,1 млрд теңге,  өмірді сақтандыру бойынша 48,5 млрд теңге бөлінді. Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 21 050 теңгені құрады. Бұл ретте ай сайынғы ең жоғары төлем 514 666 теңге болды", – делінген БЖЗҚ-ның қорытынды есебінде.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу