Елімізде 52 825 адам коронавирустан емделіп жатыр

573

Өткен тәулікте елімізде коронавируспен 1 642 адам тіркелді. Ал бұрын ауырып жатқандардың 1 459-ы жазылып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ мәліметіне сүйеніп.

Елімізде 52 825 адам коронавирустан емделіп жатыр

Осылайша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 918 146-ға жетті. Олардың 860 120-сы сауыққан.

Ауырып жатқандардың жағдайына тоқталсақ, қазіргі уақытта 52 825 адам коронавирус инфекциясынан (46 275 КВИ+ және 6 550 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 9 329 пациент стационарда, 43 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 628 адамның жағдайы ауыр, 177 пациенттің жағдайы өте ауыр, 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр", – деп жазылған ДСМ хабарламасында.

Айта кетсек, елімізде індетке қарсы егу науқаны жүріп жатыр. Бүгінге дейін коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның I компонентін 8 029 779 адам, II компонентін 7 128 454 адам салдырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу