Елімізде 530 мыңнан аса адам баспана кезегінде тұр

800

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД-да көш бастап тұр.

Елімізде 530 мыңнан аса адам баспана кезегінде тұр

Бұл туралы ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істер комитетінің төрағасы  Мархабат Жайымбетов мәлім етті. 

"Бүгінде бір адамға шаққанда тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіші 0,71 шаршы метрді құрайды. Бұл – ТМД-дағы ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар бұл дамыған мемлекеттердің статистикасына жақын. Мәселен, Жапонияда қарқынды тұрғын үй салу жылдары бір адамға 0,9-1 шаршы метр, АҚШ-та 0,7-0,8 шаршы метр, Франция мен Германияда 0,7 шаршы метр баспанадан келетін", – деді спикер. 

Бүгінде елімізде тұрғын үй кезегінде 530 мыңнан аса адам тұр. Кезектің ашықтығын қамтамасыз ету үшін биылғы жылдан бастап тұрғын үйге мұқтаж жандардың ортақ базасы жасалды. 

"Ол мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграцияланған. Сондықтан мұнда тұрғын үй кезегінде тұрғандар бойынша ең нақты деректер қамтылады", – деді Мархабат Жайымбетов. 

Бұған қоса ол тұрғын үй салынатын аудандарға барлық коммуникациялар тартылатынын хабарлады. Бұл мақсатта жылына 130 млрд теңгеге дейін қаржы бөлу көзделген. 

"Бөлінген қаржы құрылыс жұмыстары жүргізілетін 40 жер теліміне коммуникация тартуға мүмкіндік береді", – деді комитет төрағасы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу