Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының деректері бойынша Қазақстанда 1 806 гидротехникалық нысан бар.
Олардың ішінде республикалық - 536, коммуналдық – 1010, жеке – 240, иесіз – 20 құрылыс.
Бұл ретте Су кодексінің 32-бабына сәйкес меншік иелерінің бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды бассейндік инспекциялар жүзеге асырады.
Биылғы жылғы 24 ақпанда дейін 1 501 мұндай нысан тексерілді, 534 ГТҚ жөндеуді қажет ететіні анықталды. Оның ішінде республикалық – 106, коммуналдық – 359, жеке меншік – 50, иесіз – 19.
Ақмола, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ГТҚ толық тексерілді.
Алматыда 304-тен 205 ГТҚ, Ақтөбеде 204-тен 191, Абайда 95-тен 13, Шығыс Қазақстанда 131-ден 80, Жетісуда 113-тен 54, Павлодарда 28-ден 27-сі тексерілді.
534 гидротехникалық құрылыс жөндеуді талап етеді, оның ішінде Алматы қаласы – 9, Шымкент қаласы – 1, Қарағанды облысы – 170, Шығыс Қазақстан облысы – 90, Ақтөбе – 65, Алматы облысы– 41, Ақмола – 27, Жамбыл – 17, Атырау – 21, Қызылорда – 14, Қостанай – 12, Түркістан– 12, Батыс қазақстан облысы – 20, Солтүстік Қазақстан облысы – 4, Маңғыстау – 1, Павлодар – 1, в Абай – 3, Жетісу – 5 және Ұлытау облыстарында – 21.