4 қазандағы мәлімет бойынша, 59 135 адам коронавирус инфекциясынан (51 146 + және 7 989 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"10 367 пациент стационарда, 48 768 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 765 адамның жағдайы ауыр, 224 пациенттің жағдайы өте ауыр, 144 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр", – деп жазылған хабарламада.
Өткен тәулікте 1717 адамнан COVID-19 анықталып, 1913 адам жазылғандар қатарына қосылды.
Айта кетсек, еліміз бойынша жалпы 892710 адам індет жұқтырып, олардың бүгінге дейін 830241-і сауыққан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу