2022 жылдан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында қоқысты қайта өңдеу зауыттарын салу жобалары іске асырыла бастайды.
Атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, елдің су объектілерінің экожүйелерін, биоалуантүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жөніндегі шаралар "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасында көзделген.
Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі Стратегияның пысықталған жобасын енгізуді тапсырды.