Елімізде 6-8 маусым күндері ауа райы қандай болады?

1070

Метеорологтар алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын хабарлады. 

Елімізде 6-8 маусым күндері ауа райы қандай болады? Фото: Дзен

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылғы 6, 7 және 8 маусымға арналған ауа райы болжамын егжей-тегжейлі ұсынды. Мамандар еліміздің оңтүстік өңірлерінде қатты аптап ыстық күтілетінін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Көптеген облыстарда жаңбыр жауады: 7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда, сондай-ақ 8 маусымда республиканың солтүстік, батыс, орталық және шығысында, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінен.

Бұл ретте елдің оңтүстігінде күндіз +35+43°C-қа дейін қатты ыстық күтілуде, оңтүстік-шығыста ауа температурасы +35+40°C-қа дейін көтеріледі.

"Елдің батысында 6-7 маусымда күндіз +30+38°С, 8 маусымнан бастап +25+30°C дейін төмендейді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, күндіз орталықта. +22+30-дан +20+ 25°C-қа дейін шамалы төмендейді", - деп қосты синоптиктер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу