Елімізде 6 млн-ға жуық адам толық вакцина алды

622

Коронавирусқа қарсы екпені жалпы 13 млн-нан астам адам салдырды.

Елімізде 6 млн-ға жуық адам толық вакцина алды

Қазақстанда 6 млн-ға жуық адам толық екпе алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 160 129 адам, екінші компонентін 5 982 331 адам салдырды.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 2 930 дерек тіркелген. Осылайша COVID-19 жұқтырғандар саны 848 318 жетті.

4 123 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 770 558 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

15 қыркүйектегі мәлімет бойынша 75 685 адам коронавирустан емделіп жатыр. 

"Олардың ішінде 14 335 пациент стационарда, 61 350 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 136 адамның жағдайы ауыр, 350 пациенттің жағдайы өте ауыр, 198 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ COVID-19 бен пневмониядан 77 адам көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу