Ертең күні бойы, 23 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. 22-23 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Петропавлда ертең күні бойы, 23 қазанда түнде жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. 22-23 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с күшейеді, ертең күндіз, 23 қазанда күні бойы екпіні 23-28 м/с болады.
22 қазанда түнде Қарағанды облысының шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Ертең Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.
Ертең күндіз Жезқазғанда жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.
22 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ертең Оралда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.
22 қазанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр, қалың қар жауады. Тәулік бойы тауда тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.
22 қазанда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.
22 қазанда Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығыс жартысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстік-батысында екпіні 25 м/с жетеді.
Ертең Көкшетауда жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ертең түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ертең түнде Ақтөбе қаласында көктайғақ болады.