Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұйрық жобасына сәйкес, кәсіби мерекелер тізбесіне Қазақстан кәсіпкерлері күні, Қазақстанның қолөнершілер күні, Табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні, Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні, Кадр қызметі жұмыскерлерінің күні, Қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні атты жаңа кәсіби мерекелер енгізіледі.
Сондай-ақ Энергетик күнін мерекелеу желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгертіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу