Елімізде 60 657 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

744

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 1 қазандағы ақпарат.

Елімізде 60 657 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

Елімізде 1 қазандағы мәлімет бойынша 60 657 адам коронавирус инфекциясынан (52 309 КВИ+ және 8 348 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың 10 210-ы стационарда, ал 50 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК мәліметіне сүйеніп.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 805 адамның жағдайы ауыр, 221 пациенттің жағдайы өте ауыр, 139 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, өткен тәулікте тағы 2096 адамнан індет анықталған. Осылайша COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны бүгінге дейін 886 982-ге жетті. Олардың 823 453-і сауыққан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу