Елімізде 600-ден астам кәсіподақ бар

1533

Біржан Нұрымбетов Қазақстан кәсіподақтарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Елімізде 600-ден астам кәсіподақ бар

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанның кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

"Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды орындау кезінде туындайтын проблемаларды шешуде кәсіподақтардың рөлін күшейту еңбек саласы көрсеткіштерінің, оның ішінде соңғы үш жылда жақсаруына ықпал етті. Мәселен, өндірісте зардап шеккен жұмыскерлердің саны 6,8%-ға төмендеді, жасалған ұжымдық шарттар саны 43,3%-ға артты. Кәсіподақтардың арқасында жұмысшылар мәдени және салауатты демалысты ұйымдастыруға тартылған. Мемлекет еңбек қатынастары субъектілерінің мүдделерін оңтайлы келісуге қол жеткізуге қабілетті күшті және жауапты кәсіптік одақтарға мүдделі. Қоғамдық қатынастарды реттеудегі кәсіподақтардың рөлі неғұрлым маңызды болған сайын, олар өздерінің басты мақсатын – қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауды тиімді және табысты жүзеге асыра алады. Қазақстан кәсіподақтарына белсенді және жемісті еңбек тілеймін",– делінген хабарламада.

Айта кетсек, биыл Кәсіподақтар күні мерекесі алғаш рет аталып өтілуде, бүгін, яғни 10 қазанға белгіленген.

Бүгінде елімізде 600-ден астам кәсіподақ бар, олар 3 млн-нан астам жұмыскерді біріктірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу