Елімізде 61 мың студент техникалық мамандықтар бойынша оқып жатыр

498

Биыл мемлекеттік тапсырыс 125 мың орынды құрайды.    

Елімізде 61 мың студент техникалық мамандықтар бойынша оқып жатыр Фото: ortcom.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтуды үйлестіру шеңберінде Оқу-ағарту министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірге 9-сыныптан соң колледжге түсушілерге мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуға басымдық беріліп отыр. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Алдағы жылы республикалық бюджеттен осы бағытқа жұмсалатын мемлекеттік тапсырыс 50 мыңға артады. Осылайша, қабылданатын студенттер саны 130 мыңға жеткізілмек. Өзекті мәселелердің бірі әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балаларды қамту болып табылады. Бүгінгі таңда колледждерде осы санаттағы балалар 9 бағыт бойынша қамтылған. Биылғы мемлекеттік тапсырыстың 60%-ға жуығын осы санаттағы балалар құрайды. 2025 жылға дейін кәсіби-техникалық білім мекемелерінде техникалық білім беру дамытылады. 2023 жылы техникалық бағытта оқып жатқан студенттердің саны ұлғайтылды. Басымдық металлургия, IT, құрылыс, инженерия, қызмет көрсету салаларына бағытталатын болады. Қазіргі уақытта 61 мың студент техникалық мамандықтар бойынша білім алуда", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу