Елімізде 7,7 мың түлек "Алтын белгіге" үміткер

237

Биылғы оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтағалы отыр. 

Елімізде 7,7 мың түлек "Алтын белгіге" үміткер Фото: gov.kz

Оның ішінде бастауыш сыныпты – 374 мың, негізгі мектепті 341 мың бала тәмамдайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"186 мың түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшады. "Алтын белгіге" үміткерлердің саны – 7 704. Оқу жылын "Білімім – Отаныма" атты бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар мектеп түлектеріне  арналған "Мектебім, саған мың алғыс!" атты салтанатты іс-шарасы 25 мамырда өтеді. Аттестаттарды табыстау рәсімі 12-15 маусым аралығына белгіленді", - деді ведомство басшысы.

Министрдің дерегінше, 9 және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр-11 маусым аралығына белгіленді.

"Биыл алғаш рет 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілін меңгеруді бағалау мақсатында қазақ тілінде және басқа тілде оқытатын мектептердің білім алушылары үшін аралық емтихандар өткізіледі", - деді Ғани Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу