Елімізде 7 мыңға жуық адам коронавирустан айықты

672

346 науқастың жағдайы өте ауыр.

Елімізде 7 мыңға жуық адам коронавирустан айықты

Қазақстанда 7 мыңға жуық адам COVID-19-дан айықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 6 926 адам коронавирустан жазылды. Пандемия басталғалы бері 741 809 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Өткен тәулікте коронавирус 4 106 адамнан анықталды. Осылайша, елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 828 224-ке жетті.

9 қыркүйектегі мәлімет бойынша 84 262 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 17 749 пациент стационарда, 66 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 390 адамның жағдайы ауыр, 346 пациенттің жағдайы өте ауыр, 197 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар COVID-19 бен пневмониядан 86 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 969 069 адам, екінші компонентін 5 795 901 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу