Елімізде 7 мыңнан аса адам коронавирустан айықты

632

506 науқас өте ауыр халде жатыр.

Елімізде 7 мыңнан аса адам коронавирустан айықты

Қазақстанда 7 мыңнан аса адам COVID-19-дан айықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 7 353 адам коронавирустан жазылған. Осылайша, COVID-19-дан 656 887 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Коронавирус жұқтырудың 6 233 дерегі тіркелді. Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 773 934-ке жетті.

28 тамыздағы мәлімет бойынша 114 764 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 25 694 пациент стационарда, 89 070 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 810 адамның жағдайы ауыр, 506 пациенттің жағдайы өте ауыр, 308 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар коронавирус пен пневмониядан 131 адам қайтыс болды. 

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл" аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл аймақта": Түркістан облысы.

Сондай-ақ елімізде COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 564 783 адам, екінші компонентін 5 283 826 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу