Елімізде 70 адам суға батып кетті

499

Олардың 30-ы балалар.

Елімізде 70 адам суға батып кетті Фото: Pixabay.com

Шомылу маусымы басталғалы бері 70 адам суға батып кетті. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

ТЖМ өткен жылмен салыстырғанда суға батып кеткен адамдардың саны азайып жатқанын хабарлады.

"Биыл шомылу маусымы басталғалы бері 70 адам суға батып кетті. Олардың ішінде 30-ы балалар. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 83 адам суға батып кеткен болатын. Бірақ биыл балалардың суға бату көрсеткіші өсіп жатқаны байқалады. Былтыр сәйкес кезеңде 23 бала суға батып кетті", - деді Ақылбек Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Суға батып кеткен балалардың дені шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде және үлкендердің қарауынсыз болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу