Елімізде 78 512 адам коронавируспен ауырып жатыр

775

2021 жылғы 12 қыркүйекке дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 087 994 адам, 2-компонентін 5 906 080 адам салдырды.

Елімізде 78 512 адам коронавируспен ауырып жатыр

Елге коронавирус індеті келгелі бұл ауруға 842 587 адам шалдығыпты. Тек өткен тәуліктің өзінде 3088 жаңа жағдай тіркелген. ДСМ-нің 13 қыркүйектегі мәліметіне сүйенсек, ел бойынша 78 512 адам коронавирус инфекциясынан (70 184 КВИ+ және 8 328 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 16 345 пациент стационарда, 62 167 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 276 адамның жағдайы ауыр, 340 пациенттің жағдайы өте ауыр, 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу