Елімізде 79 474 жеңіл автомобиль тіркелген

1303

2021 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасында 79474 жеңіл автомобиль тіркелген, 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,8%-ға кем, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне сілтеме жасап.  

Елімізде 79 474 жеңіл автомобиль тіркелген

Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3864,9 мың бірлікті құрады.

2021 жылғы қаңтарда 876 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1297 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 3,5%-ға кеміді.

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 2,5 млрд. теңге сомасында 5721 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу