4 қыркүйекке дейін елімізде 6785,2 мың гектар алқаптан 8 млн 576,8 мың тонна астық бастырылған. Астықтың орташа шығымы гектарынан 12,6 центнерден айналуда. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2 центнерге аз.
"Казах-Зерно" АА дерегі бойынша, бүгінгі күнге дейін астықты өңірлерде жиын-терім жұмыстары белортаға таяп қалған.
Атап айтқанда, Ақмола облысында 41,5% аумақтан 1749,1 мың тонна астық, ал Қостанай облысында 2023,4 мың тонна (45,1% алқап орылған), Солтүстік Қазақстан облысында 42,2% алқаптан 1873,7 мың тонна астық бастырылды.
Естеріңізге ала кетейік, еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігінің болжайы бойынша, Қазақстан биыл 19 миллиондай тонна астық жинауға тиіс, оның тоғыз миллиондайы экспортқа жөнелтіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу