Елімізде 8 млн га ауыл шаруашылығы жері тәркіленді

354

Үкімет ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларын қабылдауда.

Елімізде 8 млн га ауыл шаруашылығы жері тәркіленді

Саланы субсидиялау көлемі 430 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл туралы "AMANAT" партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысы барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

"Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген несиелеудің жыл сайынғы көлемі, сондай-ақ азық-түлік корпорациясы арқылы форвардтық сатып алу 2 есеге ұлғайды. 2019-2022 жылдары салаға инвестициялар ағыны 72%-ға ұлғайды және 25 мың жаңа жұмыс орнын құрумен 850 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Биыл АӨК саласында 6,6 мың жаңа жұмыс орнын құрумен шамамен 540 млрд теңгеге 290 жоба іске асырылуда", - Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы атап өткендей, 2022 жылдың басынан бері 8 млн га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері тәркіленді.

"Ауыл аманаты"арнайы бағдарламасы бойынша ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыс басталды. Осы мақсаттарға 1 трлн теңге, оның ішінде биыл 100 млрд теңге бағытталады. Бұл 350 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, бұл 1 млн-нан астам ауыл тұрғындарының табысын арттыруға оң әсер етеді.

Бүгінгі таңда 29 млрд теңге сомасына 5,3 мың шағын несие берілді, оның есебінен 4,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

"Мемлекет басшысының алдыңғы Жолдауларында айтылған тапсырмалары тұтастай орындалды. Жүйелі, ұзақ мерзімді тапсырмаларды іске асыру жалғасуда. Бүгін мен жұмыстың кейбір нәтижелеріне тоқталдым. Жалпы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жүйелі жұмыс жүргізілді. Үкімет Парламентпен бірлесіп қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырады", - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу