Елімізде 80 мыңнан астам адам сирек кездесетін сырқатқа шалдыққан

394

Оның 20 мыңға жуығы – бала. 

Елімізде 80 мыңнан астам адам сирек кездесетін сырқатқа шалдыққан Фото: canva.com

80 мыңнан астам қазақстандық орфандық, яғни сирек кездесетін дертке шалдыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

24KZ арнасының мәліметінше, оның 20 мыңға жуығы – бала. 48%-і жүйке жүйесінің патологиялық ауруымен ауырса, 18%-і ісік, 12%-інде ас қорыту жүйесі бұзылған. 

Сондай-ақ эпилепсияның сирек түрлерімен 20 мың,  глюкоза тасымалдаушы тапшылық синдромымен 13 мыңға жуық, склерозбен ауыратын 2,5 мыңнан астам науқас тіркелген.

Елдегі кең тараған орфандық аурулар:

  • Орталық жүйке жүйесінің патологиялары 49%;
  • Ісіктер 18%;
  • Ас қорыту жүйесінің аурулары 12%;
  • Эпилепсияның сирек және төзімді түрлері 20146;
  • Глюкоза тасымалдаушы тапшылық синдромы 13285; Склероз 2715.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу