Елімізде 800 мыңдай азамат тұмауға қарсы екпе алды

1072

Елімізде 800 мыңдай азамат тұмауға қарсы екпе алды

"Үстіміздегі жылдың 19 қазанындағы жағдайға сәйкес, 782 957 адамға тұмауға қарсы вакцина егілді. Бұл вакциналауға жататын азаматтардың жалпы санының 53,8% құрайды, оның ішінде 117 410 медициналық қызметкер, 40 321 жүкті әйел, созылмалы аурулары бар 206 313 бала, 85 118 мектеп оқушысы, мектептің, жоғары және орта білім беру ұйымдарының 25 197 оқытушысы мен студенті, 45 959 қарт адам, 262 639 жұмыс ұжымының өкілдері бар", - деп хабарлады ҚР ДСӘДМ.

Министрлікте аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларының мамандарының өткізетін аулаларды тексеру шараларының барысында жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар, вакциналанған адамдардың арасында тұмаумен сырқаттану жағдайлары тіркелмегенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, республикада тұмауға қарсы жаппай вакциналау 3 қазан күні басталды.

primeminister.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу