Елімізде 853 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы егілді

642

29 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 552 475 адам, екінші компонентін 9 332 615 адам салдырды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Елімізде 853 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы егілді

Сондай-ақ елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды "Pfizer" вакцинасымен егу жалғасып жатыр. Бүгінге дейін препараттың I дозасын 1 233 914 адам, ІІ дозасын 1 184 879 адам салдырды. Оның ішінде І компонентімен егілді:

- жасөспірімдер – 871 440;

- жүкті әйелдер – 41 407 ;

- бала емізетін әйелдер – 145 144.

ІІ компонентімен егілді:

- жасөспірімдер – 853 087 ;

- жүкті әйелдер – 39 114 ;

- бала емізетін әйелдер – 140 910.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу