Елімізде 9,3 млн адам жұмыспен қамтылды

151

Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

Елімізде 9,3 млн адам жұмыспен қамтылды Фото: canva

Соңғы 3 айда жұмыспен қамтылғандардың ішінде 7,14 млн адам немесе 76,8%-ы – жалдамалы жұмысшылар, 2,16 млн адам немесе 23,2%-ы – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Жұмыспен қамту деңгейі 15 жастан асқан жалпы халыққа шаққанда 64,6%-ды, жұмыс күшінің санына шаққанда 95,4%-ды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар саны 110 мың адамға артты, оның басым бөлігі жалдамалы жұмысшылар есебінен болды, – делінген бюро таратқан хабарламада.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі мына салаларда тіркелді:

  • сауда – 17,1%;
  • білім беру – 13,1%;
  • өнеркәсіп – 12,5%;
  • ауыл шаруашылығы – 10,8%;
  • көлік және қойма – 7,3%;
  • құрылыс – 6,9%;
  • денсаулық сақтау – 6,4%.

Бір жұмысшыға шаққандағы жұмыс аптасының орташа ұзақтығы 39 сағатты құрады. Оның ішінде жалдамалы жұмысшылар – 40 сағат, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 36 сағат жұмыс істеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу