Елімізде 9 ай ішінде 42 млн тоннадан астам мұнай тасымалданған

1137

Елімізде 9 ай ішінде 42 млн тоннадан астам мұнай тасымалданған

Үстіміздегі жылғы қаңтар-қыркүйекте магистральды мұнай құбырлары жүйесімен мұнай тасымалдау көлемі 42 млн 405 мың тоннаны құрады. Бұл "ҚазТрансОйл" АҚ таратқан хабарламада мәлім болды.

Сонымен бірге, биылғы 9 ай ішінде "ҚазТрансОйл" АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша шоғырландырылған жүк айналымы 32 млрд 479 млн тонна шақырымды құраған. Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5%-ға төмендеген.

Одан басқа, хабарламада "ҚазТрансОйл" АҚ еліміздің Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Еділ өзенінің суын Астрахань-Маңғышлақ су таратқышы бойынша беруді жүзеге асыратыны туралы айтылған. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы кезеңде су беру көлемі 19 млн 242 мың текше метрді құраған, бұл былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 146 мың текше метрге немесе 1 %-ға артық. 

strategy2050.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу