30-40 жыл жөндеу көрмеген 9 вокзал нысанында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұлар Макинка, Мақат, Талдықорған, Аманқарағай, Бозшакөл, Жаңа Есіл станцияларының вокзалдары, сондай-ақ Теміртау-2 мен Айса жолаушылар платформалары және Ақши станциясының бастырмасы. Шатырлары мен қасбеттері жаңартылып, инженерлік желілер ауыстырылып, ішкі әрлеу жүргізілді, сонымен қатар кейбір вокзалдар аумағы ұлғайтылып, санитарлық аймақтар жаңартылды.
Жолаушылар үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайлар: жаңа күту аймақтары, жақсартылған навигация және заманауи қызметтер іске қосылған. Қазіргі уақытта объектілерді пайдалануға беруге дайындық жүргізілуде. Жиһаз бен жабдық жеткізіледі деп күтілуде.