Ақынмен аттас тұрғындар саны Түркістан облысында көп кездеседі – 2050 адам. Сондай-ақ ұлы ақынның есімі берілген адам саны Астанада көп – 1930 адам. Алғашқы үштікті Абай есімді 1 588 адам тұратын Алматы облысы түйіндейді. Ойшыл есімі бар тұрғын саны Ұлытау өңірінде ең аз – 194 адам, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ақынның туған өлкесінде (Абай обл.) 238 адам тұрады.
Жас құрамын қарасақ, Абай есімді 17 жасқа дейінгі 4297 бала бар, ал 18 бен 44 жас аралығында 8231 адам.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу