Елімізде АЭС салу жобасын іске асыру жұмыстары басталды

741

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Самұрық-Қазына" Қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде АЭС салу жобасын іске асыру жұмыстары басталды

Оның айтуынша, болжанған энергетикалық теңгерім 2032 жылға қарай қуаты 2,4 гигаваттқа дейін жететін атом электр стансасын салу қажеттілігін көрсетті.

"Үкімет басшылығымен қор бұл жобаны жүзеге асыруға кірісті. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды мүдделі тұлғаларға, журналистер мен жұртшылыққа міндетті түрде баяндайтын боламыз", – деп қысқа қайырды қорының басқарма төрағасы.

Сондай-ақ қор АЭС халықаралық инвесторлар пулының қатысуымен салынатынын хабарлады.

Еске сала кетсек, тамызда Қазақстанның Энергетика министрлігі технологияларды жеткізуші ел туралы әлі шешім қабылдамағаны хабарланған болатын. Рреспублика Франция, Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея және Біріккен Араб Әмірліктерінің бұл саладағы құрылыс салу технологияларын қарастырып жатыр. Қазақстандық мамандар АЭС құрылысы тәжірибесін зерделеу үшін Түркия, Оңтүстік Корея және Францияда болды.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу