Биылғы қазан айында отынның бір текше метрінің орташа бағасы 8 858 теңге болған. Былтырғы кезеңге қарағанда отын бағасы 11,7%-ға қымбаттап отыр, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, өңірлердегі отынның орташа бағасы бағасы бір текше метр үшін 6-16 мың теңге аралығында көрінеді. Ең қымбат баға Астана қаласында (15 492 тг) тіркелді. Одан кейінгі орындарда Көкшетау (11 067 тг) мен Өскемен (10 532 тг) қалалары орналасқан.
Ең төменгі баға Орал қаласында (6 000 тг) байқалды.
Сондай-ақ, отынды 8-9 мың теңге шегінде Шымкент, Тараз, Қарағанды, Жезқазған және Петропавл қалаларында сатып алуға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу