Елімізде агроөндіріске 252,9 млрд теңге инвестиция салынған

934

Елімізде агроөндіріске 252,9 млрд теңге инвестиция салынған

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанның ауыл, балық, орман шаруашылығына 252,9 млрд теңге инвестиция салынған. Көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 51,4%-ға жоғары. Бұл туралы ranking.kz сараптама агенттігі хабарлады, деп жазады 7 күн.

Инвестицияның ең көп бөлігі Солтүстік Қазақстан (56,8 млрд тг, +28,5%), Ақмола (51,7%) және Қостанай облысына тиесілі (35,3 млрд тг, +31,1%). Аталған облыстар ауыл шаруашылығы бойынша маманданған солтүсік макроаймақтар қатарына жатады. Осылайша, бұл өңірлер дәнді және бұршақ дақылдарының жалпы түсімінің 71%-ын, қысқы және көктемгі бидай өнімдері түсімінің 80%-ын қамтамасыз етті.

Бұдан бұрын 2015 жылғы ауыл шаруашылығына салынған инвестция көлемі 5,4%-ға азайған болатын. Ал агроөндіріс кешенінің үлесі 2,3%-ды құрады. Алайда 2016 жылдың қорытындысы бойынша аталған саланың инвестиция портфелі 3,3%-ға өскен.

Енді алдағы уақытта аграрлық секторды экономиканың жаңа көрсеткіші ретінде дамыту үшін аграрлық ғылыми зерттеу жұмыстарына инвестиция көлемін арттыру жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу