Елімізде әйел курьерлерді қолдауға бағытталған пилоттық жоба іске қосылады

351

Көмектің нақты түрі мен көлемі әр адамға жеке белгіленеді.  

Елімізде әйел курьерлерді қолдауға бағытталған пилоттық жоба іске қосылады Фото: gov.kz

Қазақстанда қиын немесе дағдарысты жағдайға тап болған әйел курьерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған пилоттық жоба іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қолдау аясында әйелдерге құқықтық және қаржылық сауатын арттыру, мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы ақпарат беру және қажетті әлеуметтік қызметтерді алуға жәрдемдесу көзделген. Бұдан бөлек, құқықтық, психологиялық және гуманитарлық көмек көрсету де қарастырылған. Жобаға арнайы сервистер арқылы тапсырыс орындайтын, кемінде төрт апта жұмыс істеген әйелдер қатыса алады.

– Министрдің қолдауымен сондай-ақ "Яндекс компаниясы", Іскер қолдау орталығы, үкіметтік емес ұйыммен қойған меморандумымыздың басты мақсаты курерь әйелдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Бұл танымы мол бағдарлама болып саналады, – деп мәлімдеді "Іскер" қолдау орталығы қоғамдық қорының директоры Толқын Саметова.

Қатысу шарттары мен өтініш беру тәртібі туралы толық ақпаратты Yandex Pro мобильді қосымшасындағы "Ынтымақтастық туралы негізгі ақпарат" бөлімінен, "Әйел курьерлерге көмек" мақаласынан білуге болады. Қосымша ақпаратты тиісті сервистің қолдау қызметінен де алуға мүмкіндік бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу