Елімізде әйелдер бизнесі жандана түспек

829

Елімізде әйелдер бизнесі жандана түспек

Еуропалық Қайта құру және даму банкі еліміздегі әйелдер бизнесінің дамуын қаржыландырмақ. Бұл туралы Ақордада мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова мен еуропалық банктің вице-президенті Элизабет Нельсонның кездесуі барысында белгілі болды.

Қаржы институтының өкілі айтқандай энергетика, тау-кен өндірісі және жаңғырмалы энергетика саласында нәзік жандылардың рөлін арттыру қажет. Қазақстан үкіметі мен банк арасындағы "Бизнестегі әйелдер" жобасы бойынша бүгінге дейін 7 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне 5,8 млрд теңге қарыз берілген. Ал соңғы 25 жылда Еуропалық банк елімізде құны 7,3 млрд еуро болатын 222 жобаны қаржыландырған.

Айта кетейік, Элизабет Нельсон 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында елордада өтетін "Әйелдер болашақтын энергиясын қолдайды" атты халықаралық форумға келді. Жиынға әр елден 300-ден астам әйелдер қауымының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Элизабет Нельсон, ЕҚҚДБ вице-президенті: "Әйелдер бизнесте ерлерден артық қызмет етпесе кем түспейді. Кәсіпкерліктің жеңіл түрлеріне ғана емес, сондай-ақ, металлургия, энергетика басқа да салаларда мол жетістікке жете алады. Қазақстандағы компаниялардың топ-менеджментінде 16-18 пайызы нәзік жандылар еке. Болашақта бизнестегі әйелдер үлесі арта түсеріне сенемін"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу