Елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған 17 ресурстық орталық ашылады

1190

Жыл соңына дейін іскер әйелдерді қолдауға бағытталған 17 ресурстық орталық ашылады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған 17 ресурстық орталық ашылады

Мұндай мекемелерде еліміздің барлық аймағында кәсіпкерлікпен айналысуға ниеті бар қыз-келіншектерге көмек көрсетілмек. Бұл туралы елордада өткен "әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін арттыру шаралары мен құралдары"  атты конференцияда айтылды. Оған қоса, жиын барысында нәзік жандыларға арналған ипотека бағдарламасы туралы да сөз қозғалды. Осы бастаманы жүзеге асыру үшін 38 миллиард теңге тартылған. Сол арқылы 4000-ға жуық азаматша баспаналы бола алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу