Елімізде әйелдерге арналған вагондар саны көбейеді

499

Бүгінгі таңда бұл вагон түрлеріне деген сұраныс артып жатыр.

Елімізде әйелдерге арналған вагондар саны көбейеді Фото: inbusiness.kz

Әйелдер вагоны тағы үш бағдар бойынша қатынайтын болады. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, әйелдер вагондарына сұраныстың артуына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ қозғалыс географиясын кеңейтуді жалғастырып жатыр. 

"Мұндай вагондар №3/4 "Астана – Алматы", №33/34 "Алматы – Ақтөбе" және №71/72 "Астана – Шымкент" бағытындағы үш пойыздың құрамына енгізіледі.

Пилоттық режимде бұл қызмет 2021 жылы енгізілген. Әйелдер вагондарындағы қозғалыс жайлылығын бірінші болып №77/78 "Алматы – Маңғыстау" және №351/352 "Алматы – Өскемен" пойыздарының жолаушылары бағалады", - делінген хабарламада.

Ұлттық компания 2022 жылдың ақпан айынан бастап әйелдер вагондарының санын арттырғанын мәлімдеді. 

"Олар №37/38 "Маңғыстау – Семей", №47/48 "Астана – Атырау" және №45/46 "Павлодар – Түркістан" пойыздарының құрамында жүре бастады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу